Мәселен, Еуразиялық интеграция институтының өкілдері жұмыс барысы қалай жүріп жатқанын ашық айтты. Олар қаладағы сайлау учаскелерінің сыртында Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізіп жатыр. Жиналған ақпаратты дауыс берудің алдын ала нәтижесін шығару үшін талдауға жібереді. Өз мәліметтерін, ресми деректермен салыстырып отырады. Ұйым өкілінің айтуынша, Еxit poll сайлау нәтижелерін әдейі бұрмалауға жол бермеу үшін қажет.