"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Тек республиканың шығысында және шеткі солтүстігінде антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейеді деп болжанды.