Жолаушылар ұшу кезінде фильм көріп, жыларман болатындарын таңданыспен айтады. Олар мұның себебін өздері де білмейді. Флоридалық психиатр, доктор Рэнди Макинтош ұшудың эмоцияға қатты әсер ететінін айтады, себебі саяхат жиі стресс тудырады кейде келеңсіз жағдайлар да болып тұрады. Жолаушылар шиеленіске толы саяхаттың қалай әсер еткенін сезбейді.