ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына 21 тонна жүкті тасымалдап, Қостанай қаласынан Астанаға бет алған фураның жүргізушісі хабарласып, көмек сұрады. Перекатное кенті маңында фура бұзылып, кюветке аударылып кеткен. Ақмола өңірінің жолшылары көлікті құлаған жерінен көтеру үшін екі бірлік арнайы техниканы жұмылдырды.