«Нашақорлық проблемасы өзектілігін жоғалтқан жоқ, қазіргі уақытта Үкімет деңгейінде ҚР аумағында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жұмыс үш негізгі бағытта жүргізіледі: нашақорлықтың алдын алу, есірткі-психотроптық заттардың айналымын бақылау, сондай-ақ ҚР аумағында есірткі өткізуді болдырмау және есірткі қылмысын жою», - деді елордалық Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Сергей Ильиных «Есірткі бизнесіне және синтетикалық есірткінің таралуына қарсы профилактикалық шаралар» атты брифингіде.