Соңғы кездері Айшолпан Тілеутай атты айтыскер арудың басы даудан арылмай жүр. Таяуда ғана Fly Arystan әуе компаниясының қызметкерлері қазақтың ұлттық аспабымен ұшаққа кіруге рұқсат бермей қойғанын жұрт жақсы біледі. Бұл жолы өнердегі шәкіртіне Ринат Зайытов араша түсті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы. Еске сала кетсек, Fly Arystan қызметкерлері әуежайда домбырасын қызғыштай қорғаған айтыскер қызды кезек-кезек жұлқылап, әбден әбігерге салғанын ақын өзінің видеоүндеуінде ашық айтқан еді.