Ол туралы бүгін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының мамандары мәлімдеді. Дабыл көтерілген 29 тамыздан бастап балық қорғау инспекциясына қарасты құрылымдар мен облыстық экология департаменті және ветеринарлардан құралған топ 2 күн бойы Каспий теңізінің Атырау облысына қарасты аумағын автокөлікпен, кеше тікұшақпен қарап шыққан. Әуеден бақылау кезінде теңіздің таяз жерлерінен балықтардың тобымен жүзіп жүргендерін көріпті. Бірақ жерге қонып, сынама алуға мүмкіндік болмаған. Мамандар өлген, әлсіреген балықтарды кездестірмегендерін айтады.Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда. Олар бүгін Маңғыстау облысына ұшып шықты.