Бұдан бұрын Атырау облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Бердібек ТАИШЕВ ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-тармағы («Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдаған. - Мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова менің оқу орнын Ұлттық білім беру деректер қорында тіркеп, мектеп жұмысына рұқсат бергенімді айтады. Бірақ мен ешқандай рұқсат берген жоқпын, - дейді Б.Таишев.