Пайдалануға берілген жатақхананың жалпы ауданы бірден 65% қысқарып, 72,9 мың шаршы метр болды. Жатақханалардың пайдалы ауданы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарды (60,4% азайған). Жаңа ғимараттардың кубатурасы (құрылыс көлемі) де төмендеді – 763,4 мың куб метрден 234,7 мың куб метрге дейін қысқарды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.