Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ағаш жиһаз өндірісі Ресей шикізатының импортына 70 пайызға тәуелді. Қазақстандық өндірушілер бұрын елге әкелінген қорды пайдаланып жүр, дегенмен оның таусылатын уақыты да жақындап қалған. Ресейден Қазақстанға ағаш әкелу шығындары төрт есе өсті. Енді Қазақстанға ағаш материалдарын тек теміржол арқылы әкелуге болады. Ағашты есепке алудың жаңа жүйесіне байланысты автокөліктермен тасымалдауға тыйым салынған.