«21 қыркүйектен бері Қазақстанға 400 мыңнан сәл астам ресейлік келді, 320 мыңнан астамы кетті. 100 мыңдай ресейлік әлі де елімізде жүр. Еңбек мигранттары туралы айтатын болсақ, өткен жылдарды қоса есептегенде, бүгінде Қазақстанда 22 мың адам жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлеп жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.