«Өткен жылы кедейлердің саны 4,9 млн адам болса, биыл 5,1 млн болды. Азаматтар қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсауда. Мысалы, 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70%-ы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді», - деді министр брифингте.