«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, спирттік ішімдіктер қымбаттауына байланысты контрафактіге сұраныс артып жатыр. Қазақстанда алкогольден уланудан және ауыр интоксикациядан кейін ай сайын 30-ға дейін адам қайтыс болады. Көбінде аз қамтылған адамдар мен зейнеткерлер осындай жағдайларға душар болып жатады.