Іс материалдарына сүйенсек, айыпталушы мас күйінде 2022 жылғы 1 тамызда Торайғыров көшесінде көмек сұраған бейтаныс қызды ер адам қолынан ұстап тұрғанын көрген. Ол адам өлтіру мақсатынсыз қыздың қолынан ұстап тұрған жігітті жұдырықпен бетінен ұрған. Соңғысы тепе-теңдігін жоғалтып, артқа құлаған. Салдарынан желкесін асфальтқа соғып, ауыр дене жарақаттан ауруханада қайтыс болған.