Аудит барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің таралу ареалының мәртебесі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен оларды қорғаудың тиісті рәсімі реттелмегені анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олқылықтарды жою мәселесін қарау туралы ұсыным берілді, - деп жазды Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.