Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталғандардың жеке істері "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның ережелері мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді және жаңартылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 366 сотталған адамға рақымшылық жасалды.