Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков АҚШ-та. Елордада LRT салу кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланып, Интерпол тізіміне енгізілген. Құқық қорғау органдары оны ұстау және экстрадициялау туралы АҚШ үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сұлтанбековтың өзі Facebook-те қылмыстық істің кейбір жай-жапсары жайында белсенді жазып отырады.