Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Бірінші күні тестілеуді 4 мыңнан астам адам тапсырады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылды.