Маңғыстау облысында жұмыссыз жүрген жандар ерікті қоныс аудару бағдарламасымен көшіп, материалдық көмек ала алады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады.