Алғаш рет ұйымдастырылған республикалық бәйгеде «Көкмойнақ» командасы мәре сызығын бірінші болып кескен еді. Марафон 12 күнге созылды. Оған барлық облыстан 19 команда қатысты. Ереже бойынша Астанадан Түркістанға дейін 1200 шақырымнан астам қашықтықты бағындыру керек болды. Кей тұлпарлар қолайсыз ауа райы мен шөлейт жер, өзен-көлдер сияқты табиғи кедергілерге шыдамай жолда болдырып қалды.