Қазгидромет қызметкерлері жалақысын көтеруге бөлінетін қаражатты қамтамасыз еттік! Биыл жалақы 26-дан 111 пайызға дейін көтеріледі. Бүгін Сенат Қазгидромет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастыратын "Республикалық бюджетті нақтылау туралы" Заңды қабылдады. Кейінгі екі айда осы мақсаттарға компания бюджетін ұлғайту қажет екенін қорғап келеміз. Мен бәріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деп жазды министр Instagram-парақшасында.