Республика үшін экономикалық тиімділікті арттыру үшін әділ экономика бөлімінде ірі мұнай газ жобаларының серіктестерімен оларды дамытудың кешенді жоспарын қабылдау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 2029 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытын 9 млн тоннаға дейін кеңейту жобасын аяқтау жоспарлануда. Бұл қайта өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді министр.