Білім беру саласындағы барлығымыздың негізгі міндетіміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны құру үшін қажетті әрекеттерді қамтамасыз ету. Бірде-бір бала құқығының бұзылуына жол бермеуіміз керек. Осыған орай Білім басқармасы, аудандық және қалалық білім беру бөлімдері басшылары тәрбие жұмысы бойынша жеке жауапкершіліктерін күшейтуді, барлық білім беру ұйымында сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қамқор болуға, бірлікке, бір-бірін қолдауға шақыратын іс-шаралар өтуі қажет, - деп тапсырма берді Оқу-ағарту министрі әріптестеріне.