«Бұл өте маңызды мәселе, педагогтер айқын, ашық, әділ жолмен жұмысқа қабылдануы керек. Сол үшін біз заңнаманы өзгертіп, жаңа жүйені енгіздік. «Ауруын жасырған өледі», - дегендей біз осындай жергілікті деңгейдегі болып жатқан мәселелерді жасырмаймыз, айқын көрсетуіміз керек. Әрі қарай да бақылап, тексеріп отырамыз. Қаласа да, қаламаса да, кімнің мүддесі болса да біз бұл мәселе бойынша нақты әділдікті орнатамыз. Мұғалімдер тек қана конкурспен, біліктілігін дәлелдеп, диплом бойынша жұмысқа алынуы керек», - деді министр.