Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері солтүстік өңірлерде солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы минус 5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың қалған аумағында Жерорта теңізі аймағынан ығысатын циклоннан жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауады.