Еске салайық, жас маникюр шеберінің інісі Бекарыс екі жасында үшінші қабаттан құлап түскен болатын. Бас миы жарақатының салдарынан сал болып қалған. Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер баланы емдеуді әлі бастаған жоқ. Баланың денсаулығы Қырғызстандағы дәрігердің бақылауында. Отбасы әр сапары үшін ақша жинауға мәжбүр. Арулат Мұхаметқали інісіне көмектесу үшін тырнақ жасау ісін үйренген. Қазір Бекарыс Нұр-Сұлтанда тұрақты түрде оңалтудан өтіп тұрады. Отбасы әр емдеу курсын өзі төлейді.