Мен 21 жасымнан бері мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет атқарып келемін. Өзімнің докторлық диссертациямда осы саладағы ер адамның рөлі туралы халықаралық зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда мұғалімдер мен тәрбиешілердің 99,9%-ы – әйелдер қауымы екені белгілі болды.