Полина Гагарина 14 ақпанда «Алматы Аренада» өнер көрсетуі керек еді. Оның шоу-бағдарламасының «Обезоружена» деген екіұшты атауы да жұрттың қызу талқысына түскен. Гагарина өзінің сапарын сынаған қазақ жұртшылығының алдында шынымен де «қарусыз» қалған болып шықты. Отандастарымыз Гагаринаның Украинадағы соғысты ашық қолдап, бейбіт елге келетініне наразы болған.