2023 жылғы 8 ақпанда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар көкөніс қорларына броньды алып тастау схемасы ұсынылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтқандай, осы аптада өңірлік комиссиялар, бірінші кезекте пиязға, одан кейін сәбіз, картоп, қырыққабат бойынша, көлемдерін, бағасын, шарттары мен сауда нүктелерін айқындай отырып, тауарлық интервенцияларды өткізу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бақылау-кассалық аппараттарды пайдалану міндетті болуы қажет. Тауар интервенцияларының ұзақтығы – ақпаннан сәуірге дейін. Негізгі шарттардың бірі – бөлшек сауда бағасы қол қойылған келісім-шарттар шеңберінде болуы керек.