Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында дәстүрлі ІІІ Есік оқулары: «Орталық Азияның жазба ескерткіштері (аударма және интерпретациялау мәселелері)» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстанмен қатар Түркия, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Бельгия, Ресей елдерінен 50-ге жуық ғалымдар қатысты.