Биыл жолдарды қардан тазарту үшін қосымша техника да сатып алынып, олардың саны 2 мыңға жетті. 600 техника жалға алынады дейді компания өкілдері. Жанар-жағармай мәселесіне келер болсақ, қыс мезгіліне 4,5 мың тонна дизельдік отын қажет. Әзірге тек 400 тонна сатып алыныпты. Жалпы Қазақстанда республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жол болса, соның 3 мыңға жуығын жиі қар басады. Биыл бұл учаскелер ерекше бақылауда болады, деп жауаптылар сендіріп отыр. Бұдан бөлек көк тайғақпен күрес үшін тиісті көлемде инертті материалдар алынған.