2022 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарына 240 бірлік арнайы техника мен 330 жолшы маман жұмылдырылды. Еліміздің республикалық автожолдарында жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін өткен түнде 850 м3 құм-тұз қоспасы себілді.