Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Хамитханова мен ұстазы Сымбат Мажиков кез-келген адамның мемлекеттік тілді қай деңгейде білетіндігін анықтайтын тест ойлап тапты. Сонымен қатар, аталмыш тест үшін көпке қолжетімді сайт жасап шығарды. Жуырда олар осы еңбектері үшін авторлық құқыққа ие болды. Ұстаз бен шәкірт «QazUp — қазақ тілі сөз қорын анықтаушы тест» атты жобаны жүзеге асыру үшін 1 жарым жылдан артық еңбектенген.