«Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.