ЖСН алу үшін шетелдік немесе оның заңды өкілі келген жері бойынша мемлекеттік корпорация немесе веб-портал арқылы өтінішпен көші-қон полициясына жүгінуге және оған құжаттарды қоса беруге тиіс. Сонымен қатар, енді шетелдіктер ЖСН-ін түзету үшін жүгіне алады. Мұнда да жоғарыда айтылған тәртіппен, құжаттарды қоса ұсына отырып, тұрғылықты жері бойынша өтініш береді. ІІМ операторы өтінімдердің дұрыстығын тексереді, мұнан соң ЖСН қалыптастыру не түзету рәсімін жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.