"Шілде айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарына Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Орталық Азиядан жылы ауа массалары жылжып келіп, ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды; оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін көтеріледі", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.