11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерден денесінде пышақ жарақаттарымен 42-жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыға жалға берілген, олар сол күні кешке құрбысымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.