Сотта 2022 жылғы 4 қаңтарда сегіз адам Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, күш қолданғанын және бүлдіру, қирату, мүлікті жою әрекеттерін жасағаны анықталды. Сотталушылар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған полиция мен әскери қызметшілердің заңды талаптарына бағынбады.