"Қазпошта" АҚ мәліметінше, қазір хабарламалардың барлық түрлерін қазақ тіліне баптау және аудару жұмыстарымен айналысып жатыр. Компания хабарлама мәтіндерінің 70 түрін және push-хабарлама мәтіндерінің 16 түрін қамтитын 56 қызмет түрін көрсететінін ескере отырып, бұл жұмыс барысы бір ай ішінде аяқталады.