«Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін Қазақстанда әлемнің жетекші бес техникалық университетінің филиалдарын ашу туралы бастама көтерген болатынмын. Менің тапсырмам бойынша, үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп Талдықорған қаласында шетелдік ірі технологиялық университеттің филиалын ашу мәселесін пысықтап жатыр», - деді Тоқаев бейсенбі күні Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуде.