"Тағы бір Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалған деп танылған болатын. Біз оны Хатай қаласынан таптық. Ол үзілістерге байланысты бір-екі күн ешкіммен хабарласа алмаған. Қазір оның жағдайы жақсы, ол қауіпсіз жерде. Ол тұратын үй зардап шеккен жоқ", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.