"14 сәуірде Шымкентке келген Қажымұқанды учаскелік полиция қызметкері А.Уркимбаев күтіп алып, анасының мазарына алып барды. Анасы Шымкентке келіп отбасын құрған, бірақ 2014 жылдың 11-сәуірінде қайтыс болған. Ол анасын табуға көмектескен полиция қызметкеріне шексіз алғысын білдірді",- делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан баспасөз хабарламасында.