Нэнси Пелоси сәрсенбіде Оңтүстік Кореяда болып, бейсенбіде Ұлттық жиын төрағасы Ким Чжин Пхемен кездесті. Сондай-ақ ол ел президенті Юн Сокпен телефон арқылы сөйлесті, КХДР мен Корея Республикасының шекарасындағы Пханмунджом өңіріне де барды, деп хабарлайды Zakon.kz.