Кешегі болған Үндістандағы ұшақ апаты талай адамның арманын ажалға айырбастағаны мәлім. Сондайлардың бірі Пратик Жошы деп жазады Democrat.kz. Пратик Жошы ұшақ апатында тұтас отбасымен ажал құшқан. Олар отбасымен Лондонға көшіп кетіп бара жатыпты. Бұл туралы журналист Шыңғыс Мұқан өз парақшасында: “Суреттегі жігіт ағасы Пратик Жошы. Соңғы алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеп, жағдайын жасап, бала-шағасының құжаттарын реттеп, үй-жайын қамдап, Үндістаннан отбасын көшіріп алып кетуге келген екен. Әйелі Коми Вьяс те дәрігер, Үндістанда бір ауруханада жұмыс істеген, екі күн бұрын жұмысынан шығыпты. Ұжымы да тілек жаудырып шығарып салған. Үш баласымен бірге киім-кешегін қуана сөмкелерге салып, үлкен үмітпен Air India-ның […]
Жаңалықтар
































