Таиландтың Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристік серуен кезінде катер жарылды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі. Qumash Telegram арнасының айтуынша, оқиға бүгін орын алды. Кемеде 31 адам болған. Жарылыс және өрт кезінде бір турист кемеде қалып, күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қалғандары суға түсіп үлгергендіктен зардап шеккен жоқ және қонақүйлеріне аман-есен оралды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі нақтылануда. […]
Жаңалықтар


































