Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің ушығуына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды. Қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуге шақыру «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағындағы қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіреді және жағдайдың Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттелуін қолдайды. Тараптарды барынша сабырлық сақтауға шақырады», – делінген Қазақстан СІМ таратқан ресми мәлімдемеде. Израиль мен Иран арасындағы жағдай шиеленісе түсті Еске сала кетейік, 13 маусым күні түнде Израиль ӘӘК (әскери-әуе күштері) Иран аумағына әуе соққыларын жасады. Тегеран қаласында жарылыстардың дауысы естілді. Оқиғадан кейін Израиль елде төтенше жағдай жариялап, […]
Жаңалықтар





































