Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісіне байланысты ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Президент табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғанына байланысты Венесуэла халқымен қайғыны бөлісетінін жеткізді. «Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. …The post Тоқаев Венесуэла халқына көңіл айтты appeared first on QANDASTAR.KZ.
Жаңалықтар