Анталияда қазақстандық іскер адамдар қауымдастығы құрылды. Ұйым мақсаты - түрік еліндегі отандастарымыздың басын қосып, олардың жаңа ортаға бейімделуіне қолдау білдіру. Әсіресе қазақ тілін, мәдениетін, дәстүрін және әдет-ғұрпын насихаттауға баса мән берілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.