Дағыстан Республикасында 2075 тұрғын үй, 1817 бақша учаскесі және 173 жол учаскесі су астында қалды, деп хабарлайды ТАСС. Дағыстанда нөсер жаңбыр жауып, аймақтағы бірнеше муниципалитетті су басуына себеп болды. Салдарынан тұрғын үйлер мен электр станцияларын су басып, көлік қозғалысы қиындады. Билік кейбір аудандарда төтенше жағдай жариялады. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дербент ауданындағы...