Фото: eurointegration.com.ua Еуропалық Одаққа мүше барлық 27 мемлекет осындай шешім қабылдаған. Олар Ресейден Еуропаға жеткізілетін құбырлық және сұйытылған табиғи газды импорттауға кезең-кезеңімен тыйым салуды көздейтін ережелерді ресми растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Құжатқа сай, Ресей газын импорттау 2027 жылдың қыркүйегінен кешіктірмей толықтай тоқтатылуы тиіс. Қолданыстағы келісімшарттарды аяқтауға мүмкіндік беру үшін өтпелі кезең қарастырылған....